Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарқ етеміз, ант етеміз": Арман Оспанов жанкүйерлеріне үндеу жасады (фото)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Sports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Әр жекпе-жекке шығар кезде әуелі еліміздің намысын, Алаштың абыройын ойлап шығамыз.

Жекпе-жек алдында қандай қиындықтар болса да, қазақтың қайсарлығын көрсету үшін аянып қалмаймыз. Бұл жекпе-жек те дәл сондай мақсат болған. Жалпы болашақта автобиографиялық кітабымызда осының бәрін жазамыз! Қолдауларыңызды тоқтатпаңыздар, ағайын! Біз әлі жарқ етеміз, ант етеміз!" - деді Арман Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Оспанов соңғы кездесуін биыл қаңтар айында өткізген еді. Отандасымыз Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC 44 турнирінде франциялық қарсыласы Дилан Сальвадордан техникалық нокаутпен жеңілген болатын..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1993337-zarq-etemiz-ant-etemiz-arman-ospanov-zankuierlerine-undeu-zasady-foto/

pixel