Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияның атақты футболшысы Катарда өтетін әлем чемпионатына бармайтын болды (фото)

Опубликовано:

Катар
Көрнекі фото: pixabay.com

Футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Нголо Канте жарақатына байланысты бармайтын болды, деп жазады Sports.ru.

"Челси" пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы сіңіріне ота жасатқан. 31 жастағы футболшынының қалпына келуі төрт айға созылады деп жоспарланып отыр.

Осылайша Нголо Канте Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993347-franciyanyn-ataqty-futbolsysy-katarda-otetin-alem-cempionatyna-barmaityn-boldy-foto/

pixel