Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет Мексикадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады (видео)

Опубликовано:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл: olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жектерін Мехикода (Мексика) өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Suleimen Promotions баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші орта салмақтағы боксшы, WBA International белбеуінің иегері Бек Нұрмағанбет мексикалық Лусиано Чапарро Араухомен кездессе, орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл Йеассона Пачеко Сервантесамен жұдырықтасады.

Тартысқа толы бокс кеші 22 қазан күні Мексиканың астанасы Мехико қаласында өтпек.

Спорттық бәсеке DAZN платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1993354-abilxan-amanqul-men-bek-nurmaganbet-meksikadagy-boks-kesinde-sarsy-alanga-sygady-video/

pixel