Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан командасы маунтинбайктан Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Маунтинбайктан Қазақстан командасы жеңістің ең биік тұғырында
Маунтинбайктан Қазақстан командасы. Фото: instagram/kcfkz

Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Бұл туралы федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құрлықтық доданың алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар кросс-кантри эстафетасынан жеңімпаз атанған.

Команда сапында Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Сарқұлова, Темірлан Мұхамедиянов өнер көрсетті.

Олар 20 шақырымды 1:27.30 минута жүріп өткен.

Қазақстандық спортшылар ХСО және ХСЕ бойынша жүлдеге таласатын болады.

Айта кетелік, турнир 19-23 қазан аралығында өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993396-qazaqstan-komandasy-mauntinbaiktan-ontustik-koreyada-otip-zatqan-aziya-cempionatynda-top-zardy/

pixel