Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабарласқаны рас": Теннис федерациясы ресейлік спортшының Қазақстанға ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Александр Шевченко жарыс кезінде
Александр Шевченко. Фото: instagram/shevchenkoo_17

Отандық және шетелдік спорт сайттарында ресейлік теннисші Александр Шевченконың Қазақстан азаматтығына алғаны туралы ақпарат таралды. Осыған байланысты Қазақстан теннис федерациясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан теннис федерациясы Шевченконың хабарласқанын растады.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей теннисшісі Александр Шевченко спорттық азаматтығын өзгертті және бұдан былай Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан теннис федерациясы Александр Шевченконың бізге хабарласқанын растайды. Оның ұсынысы қарастырылып жатыр.

Соңғы кездері шетел теннисшілерінен Қазақстан атынан ойнауға ұсыныс көп түсіп жатқанын мәлімдейміз. Әр жағдай ыжағаттылықпен мұқият қарастырылады. Шетел теннисшілерінің Қазақстан азаматтығын алғаны туралы ақпарат шыққан жағдайда Қазақстан теннис федерациясы бұны жедел баспасөз өкілдеріне және өз жанкүйерлеріне хабарлайды", - делінген ҚТФ баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Александр Шевченко АТР рейтингінде 149-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993400-xabarlasqany-ras-tennis-federaciyasy-reseilik-sportsynyn-qazaqstanga-auysuyna-qatysty-malimdese-zasady/

pixel