Футболдан Қазақстан кубогының финалында ойнайтын клубтар белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Ордабасы
Фото: "Ордабасы" футбол клубының ресми сайты

Футболдан Қазақстан кубогының финалында қай клубтардың өнер көрсететіні белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық "Ақжайық" "Тараздан" айласын асырып, финалға шыққан еді.

Жартылай финалдың екінші матчында "Астана" өз алаңында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады.

"Астана" арена стадионында өткен тартысты матчта шымкенттік ұжым 2:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, кубок үшін таласта "Ордабасы" мен "Ақжайық" өзара мықтыны анықтамақ. Финал 12 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.

"Астана" мен "Ордабасы" арасындағы кездесудің нәтижесі:

"Астана" - "Ордабасы" 2:3 (2:1)

Гол авторлары: Қанатқали (автогол) 22 (0:1), Прокопенко пенальтиден 32 (1:1), Прокопенко 39 (2:1), Гедеш 65 (2:2), Ньюадзи 90+8 (2:3).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993465-futboldan-qazaqstan-kubogynyn-finalynda-oinaityn-klubtar-belgili-boldy/