Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұйырмаған екен": Нұркен Мазбаев жанкүйерлерден кешірім сұрады

Опубликовано:

Нұркен Мазбаев
Нұркен Мазбаев. Фото: "Тараз" футбол клубының баспасөз қызметі

"Тараз" бас бапкері Қазақстан кубогының жартылай финалында "Ақжайықпен" өткен матч туралы пікір білдіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Тараз" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Матчтың екінші бөлігінде 7 минутта үш мүмкіндігіміз болды. Алайда, өкіншіке қарай, гол соға алмадық. Ойынды ширату үшін үш ойыншыны алмастырдық. Бірінші кезеңде қателіктер болып, үш гол жіберіп алдық. Сол бірінші таймда біраз нәрсе шешілген сияқты. Бірақ біз соңына дейін ойнадық. Алайда, бұйырмаған екен. Өте өкінішті. Жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын. Бастапқы құрамды жасақтауда қателіктер болды деп ойлаймын. Оны сараптап көреміз, мүмкін басқаша болуы керек пе еді. Дегенмен, оны айтқаннан қазір ештеңе өзгермейді.

Алдымызда чемпионаттың үш туры бар. Турнир кестесінде әзірге "қауіпті аймақта" тұрмыз. Өз алаңымыздағы ойындарда жеңістерге жетіп, жанкүйерлер алдында қателіктерімізді түзейміз деп ойлаймын. Өмір жалғасады. Бүгін алаңға жастар көбірек шықты. Солардың болашағы үшін жұмыс жасауымыз керек", - деді Нұркен Мазбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық "Ақжайық" "Таразды" 5:3 есебімен ұтып, финалға шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993471-buiyrmagan-eken-nurken-mazbaev-zankuierlerden-kesirim-surady/

pixel