Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналду алаңға шыққан жоқ": "Манчестер Юнайтед" "Тоттенхэмнен" басым түсті (фото)

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Түнде футболдан Англия біріншілігінің 12-туры өтті. "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Тоттенхэмнен" басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матчта "Манчестер Юнайтед" Антонио Конте жаттықтыратын "Тоттенхэмнен" басым түсті. Есеп 2:0. Гол авторлары - Фред пен Бруно Фернандеш.

Айта кетейік, матчқа әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду қатысқан жоқ.

Португалия шабуылшысы қосалқы құрамда болғанымен, "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик Тен Ханг оны алаңға шығармады.

90-минутта Роналду матч аяқталмастан, киіну бөлмесіне қарай кетіп қалды. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп жатыр. Бұған қатысты "Манчестер Юнайтед" бапкері алдағы уақытта пікір білдіретінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993495-ronaldu-alanga-syqqan-zoq-mancester-yunaited-tottenxemnen-basym-tusti-foto/

pixel