Англия біріншілігі: "Челси" сырт алаңда "Брентфордпен" тең ойнады (фото)

Опубликовано:

"Челси" празднует победу
"Челси". Фото: Joe Prior/Visionhaus via Getty Images

Түнде футболдан Англия біріншілігінің он екінші туры өтті. Лондондық "Челси" сырт алаңда "Брентфордпен" кездесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Брентфорд Комьюнити" стадионында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жақында "Челси" футбол клубының бас бапкері Томас Тухель қызметінен кеткен еді. Оның орнына Грэм Поттер келді.

Англиялық маманның жаттықтыруымен "Челси" Англия біріншілігі мен Чемпиондар лигасында 7 матч ойнап үлгерді.

Олардың бесеуінді лондондық клуб жеңіске жетсе, екі матчта тең есеп тіркелген.

"Челсидің" келесі матчы 22 қазанға жоспарланған. Лондондық клуб "Стэмфорд Бридж" стадионында "Манчестер Юнайтедті" қабылдамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993502-angliya-birinsiligi-celsi-syrt-alanda-brentfordpen-ten-oinady-foto/