Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" маусымның жаңа рекордын тіркеді

Опубликовано:

Ньюкасл - Манчестер Юнайтед
Ньюкасл - Манчестер Юнайтед. Фото: PAUL ELLIS/AFP via Getty Images

"Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" арасындағы матчта маусымның жаңа рекорды тіркелді. Эрик Тен Хангтың шәкірттері "қонақтардың" қақпасына алғашқы таймда 19 рет соққы бағыттаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл Англия біріншілігінің он екі турындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып тіркелді. 19 соққының 5-еуі Уго Льорис қорғаған қақпаға тура барған. Ал "Тоттенхэм" алғашқы таймда "Манчестер Юнайтедке" бес мәрте соққы дарытқан (оның біреуі тура).

Еске сала кетейік, "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" арасындағы Англия біріншілігінің он екінші турында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Гол авторлары - Фред пен Бруно Фернандеш.

Айта кетейік, матчқа әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду қатысқан жоқ.

Португалия шабуылшысы қосалқы құрамда болғанымен, "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик Тен Ханг оны алаңға шығармады.

90-минутта Роналду матч аяқталмастан, киіну бөлмесіне қарай кетіп қалды. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп жатыр. Бұған қатысты "Манчестер Юнайтед" бапкері алдағы уақытта пікір білдіретінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993563-mancester-yunaited-mausymnyn-zana-rekordyn-tirkedi/

pixel