Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Turan Barysy" Азия кубогында 7 елдің балуандары белдеседі

Опубликовано:

"Turan Barysy" Азия кубогы
"Turan Barysy" Азия кубогы. Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

29 қазан күні Түркістан қаласында "Olympic center" спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен "Turan Barysy" Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.

"Qazaq kuresi" қауымдастығының бас директоры Ербол Мырзабосынов қазақ күресі елдегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу және мәдениетін арттыру негізі екеніне сенімді.

"Qazaq kuresi" қауымдастығы
Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

"Қазақстанның өзінде 800 астам түрлі деңгейде қазақ күресінен жарыстар өткізілуде. Оның ішінде Азия кубогі, Әлем және Азия чемпионаттары бар. "Turan Barysy" турнирін өткізуге түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалмады. Бұл турнир қазақ күресінің әлемдік аренада одан әрі дамуына серпін бермек", – деді Ербол Мырзабосынов.

"Qazaq kuresi" қауымдастығы
Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

Бүгінде Қазақстанда 120 мыңнан астам бала мен жас осы спорт түрімен шұғылданады. Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында шетелде 30 астам қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді.

"Біз Қазақстан барысы, Әлем барысы, Еуразия барысы чемпионаттарын ұйымдастырдық. Осы күні Turan Barysy өткізілетіндігін айтып жатырмыз. Мұндай іс-шаралар шетелдіктердің назарын Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне, ұлттық күреске аударатынына сенімдіміз", – деді "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қорының атқарушы директоры Серікбол Оразалин.

"Qazaq kuresi" қауымдастығы
Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

Турнирде жеті елдің спортшылары жеті салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Турнир еліміздегі ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Бұдан бөлек, "Turan Barysy" жастарды спортқа тарту және ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау міндетін алға қояды.

"Qazaq kuresi" қауымдастығы
Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

Айтулы іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, "Qazaq kuresi" ассоциациясы, "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтеді.

Турнирдің бас серіктестері – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ және демеушісі "Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры".

Жанкүйерлер турнирді Qazsport және TRT Avaz телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993669-turan-barysy-aziya-kubogynda-7-eldin-baluandary-beldesedi/

pixel