Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду матч аяқталмай алаңнан кетіп қалды: "Манчестер Юнайтед" ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду жасыл алаңда. Фото: Matthew Ashton - AMA/Getty Images

Футбол әлемінің жұлдызы Криштиану Роналду "Челсиге" қарсы матчқа қатыспайды. Бұл туралы "Манчестер Юнайтедтің" ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Криштиану Роналду сенбі күні Англия чемпионаты аясындағы "Челсиге" қарсы матчқа қатыспайды.

Клубтың қалған бөлігі толығымен осы матчқа дайындалуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Шетелдік басылымдар клубтың бұндай шешімімін Криштиану Роналдудың "Тоттенхэмге" қарсы матч кезіндегі әрекетімен байланыстырып жатыр.

Айта кетейік, Англия біріншілігінің өткен турында әлем футболының жұлдызы қатысқан жоқ.

Португалия шабуылшысы қосалқы құрамда болғанымен, "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик Тен Ханг оны алаңға шығармады.

90-минутта Роналду матч аяқталмастан, киіну бөлмесіне қарай кетіп қалды. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде көптің талқысына түсті.

Олардың бір бөлігі шабуылшының әрекетін әріптестеріне және клубқа деген құрметсіздік деп бағаласа, екінші тарап Роналдуды ақтауға тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993722-ronaldu-matc-aqtalmai-alannan-ketip-qaldy-mancester-yunaited-resmi-malimdeme-zasady/

pixel