Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стивен Джеррард жұмыссыз қалды

Опубликовано:

Стивен Джеррард
Стивен Джеррард бапкерлік қызметте. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Стивен Джеррард "Астон Вилланың" бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты клубтың ресми сайты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астон Вилла" футбол клубы бас бапкер Стивен Джеррардтың клубтағы қызметінен кеткенін ресми хабарлайды.

Біз Стивенге қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін алғыс айтамыз және оған болашақта табыс тілейміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Джеррард 2021 жылдың қарашасында "Астон Вилланың" бас бапкері лауазымына тағайындалған болатын. Өткен маусымда Стивеннің жаттықтыруымен клуб он төртінші орынға тұрақтады.

Ағымдағы маусымда "Астон Вилла" Англия біріншілігінде сүреңсіз ойнауда. Ұжым 11 турда 9 ұпай жинап, турнирлік кестенің 17-сатысында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993731-stiven-dzerrard-zumyssyz-qaldy/

pixel