Еуропа лигасының кейінге қалдырылған матчында "Арсенал" "ПСВ"-дан басым түсті
Опубликовано:

Лондондық "Арсенал" Еуропа лигасының кейінге қалдырылған матчында ПСВ-ны жеңді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Эмирейтс" стадионында өткен матчта есеп 70 минутта ашылды. Гол авторы - Гранит Джака. Швейцариялық жартылай қорғаушыға нәтижелі пасты Такехиро Томиясу берді.
Осылайша, Еуропа лигасының кейінге қалдырылған "Арсенал" мен "ПСВ" арасындағы ойыны 1:0 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, екінші турдың матчы 15 қыркүйекте өтуі керек еді, алайда матч Елизавета II-ні жерлеуге байланысты кейінге қалдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993738-europa-ligasynyn-keiinge-qaldyrylgan-matcynda-arsenal-psv-dan-basym-tusti/