"Негізгі командадан уақытша шеттетілді": Роналду жаттығу жұмыстарын жалғыз жасады

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду бүгін, 21 қазанда "Манчестер Юнайтедтің" жастарымен жаттығу жұмыстарын жасамады, деп жазады Sports.ru.

Бұған дейін Manchester Evening News басылымының қызметкері Самюэль Лакхерст португалиялық сұрмергергеннің "Манчестер Юнайтедтің" жастарымен жаттығатынын хабарлаған еді.

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, Роналду "Манчестер Юнайтед" базасына жастар құрамасының ойыншыларымен бір уақытта келген. Алайда футболшы жеке жаттыққан. Бұл уақытта кешенде негізгі команданың ешбір футболшысы болған жоқ.

Еске сала кетейік, шабуылшының "Манчестер Юнайтедтің" негізгі құрамымен жаттығудан шеттетілгенін хабарлаған едік. Роналду 22 қазан күні өтені "Челсиге" қарсы матчқа қатыспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993740-ronaldu-bugin-zalgyz-zattygu-zasady/