Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Левандовски XXI ғасырда 600-ден астам гол соққан үшінші футболшы атанды (видео)

Опубликовано:

Роберт Левандовски
Роберт Левандовски. Фото: Alex Caparros/Getty Images

"Барселона" құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски XXI ғасырда 600-ден астам гол соққан үшінші футболшы атанды. Тізімді Криштиану Роналду мен Лионель Месси бастап тұр, деп жазады Sports.ru.

"Барселона" шабуылшысы кеше Ла Лиганың 10-турында "Вильярреалға" қарсы матчта дубль жасады (3:0). Бұл оның мансабындағы 600 және 601-голы болды.

Осылайша, 34 жастағы шабуылшы ХХІ ғасырда 600-ден астам гол соққан үшінші ойыншы атанып отыр. Польшалық сұрмергенге дейін бұл көрсеткішке Лионель Месси мен Криштиану Роналду ғана қол жеткізген еді.

Айта кетейік, "Барселонаға" ауысқаннан кейін шабуылшы 14 матчта 16 гол соқты. Ал "Бавария" сапында 375 ойында 344 доп ұрған. Левандовски "Боруссияда" 186 матчта 103 гол соққан.

Ол "Знич" сапында 21 гол, "Лех" құрамында 41 голдың авторы атанған. Сонымен қатар, Роберт Левандовски Польша құрамасы үшін 134 матчта 76 гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993794-levandovski-xxi-gasyrda-600-den-astam-gol-soqqan-usinsi-futbolsy-atandy-video/

pixel