Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мерзімінен бұрын жеңді": Есет Қуанов дзюдодан Абу-Дабидегі Гранд-слэм турнирінде қола медаль иеленді

Опубликовано:

Есет Қуанов белдесуге беттеп келе жатыр
Есет Қуанов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында басталған әлемдік Гранд-слэм додасында Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

66 келі салмақта күрескен Есет Қуанов турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол кіші финалда алжирлік Уэсси Иззиннен басым түскен.

Белдесудің негізгі уақытында Қуанов қарсыласына ауырту әдісін жасап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетелік, бүгін Есеттен бөлек, 48 келідегі Абиба Әбужақынова да қола жүлде жеңіп алды.

Алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993845-merziminen-buryn-zendi-eset-quanov-dzyudodan-abu-dabidegi-grand-slem-turnirinde-qola-medal-ielendi/

pixel