Франция құрамасының атақты футболшысы мансабын аяқтады (фото)

Опубликовано:

киім ауыстыру бөлмесі
Киім ауыстыру бөлмесі. Көрнекі фото: pexels.com

Франция құрамасының бүрынғы жартылай қорғаушысы Франк Рибери кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Маған бұл мәтінді жазу, жазбаны жариялау қиынға соғатынын білемін. Бір нәрсе анық: футбол менің өмірімнің үлкен бөлігі болып қала береді. Қазірдің өзінде Сіздерді сағынып жатырмын", - деді 39 жастағы футболшы.

Сонымен қатар Рибери жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, әрдайым байланысты болатынын жеткізді.

Айта кетейік, Франк Рибери - "Бавария", "Фиорентина", "Марсель", "Галатасарай" клубтарының бұрынғы ойыншысы.

Ол Чемпиондар лигасын, Еуропа Суперкубогын, клубтар арасындағы әлем чемпионатты, тоғыз рет Бундеслиганы, бес мәрте Герменияның кубогын жеңіп алған.

Жартылай қорғаушы Франция құрамасымен 2006 жылы Әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993853-franciya-quramasynyn-ataqty-futbolsysy-mansabyn-ayaqtady-foto/