"Барыс" өз айдынында ресейлік клубтан ірі есеппен ұтылды
Опубликовано:

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Металлургке" қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Барыс-Аренада" өткен матчта елордалық ұжым Магнитогорск қаласынан келген клубтан ірі есеппен ұтылды.
Кездесудің нәтижесі:
"Барыс" - "Металлург" 0:5 (0:4, 0:1, 0:0)
0:1 – 03:08 – Кошелев (Никонцев)
0:2 – 04:53 – Голдобин (Яковлев, Карпов)
0:3 – 13:44 – Никонцев
0:4 – 16:11 – Лайпсик (Кёрран)
0:5 – 33:59 – Кошелев (Никонцев, Земчёнок).
Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі матчын Ресейде "Нефтехимик" ұжымына қарсы өткізеді. Аталға кездесу 23 қазан күні болады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993873-barys-oz-aidynynda-reseilik-klubtan-iri-eseppen-utyldy/