Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы жеңіліп көрмеген өзбекстандықты нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Керім Даидов
Керім Даидов октагонда. Видеодан кадр: Instagram/Sportskz

Түркияның Измир қаласында өткен Octagon 36 аралас жекпе-жек турнирінде отандасымыз Керім Даидов пен өзбекстандық Абдуходир Абдуворисов кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Титулдық жекпе-жек бес раундқа жоспарланған және кездесуге орта салмақтағы Octagon лигасының чемпионы белбеуі қойылды.

Қос спортшы арасындағы айқас соңына дейін жалғасқан жоқ. Үшінші раундта Керім Даидов техникалық нокаутқа қол жеткізді.

Осылайша, Керим Давидов ММА-дағы кәсіби мансабында алтыншы жеңісіне жетіп, орта салмақтағы октагон лигасының чемпионы атанды. Оның қарсыласы Абдуходир Абдуворисов бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993878-qazaqstandyq-sportsy-zenilip-kormegen-ozbekstandyqty-nokautqa-tusirdi-video/

pixel