Италия чемпионаты: "Ювентус" "Эмполиді" ірі есеппен ұтты

Опубликовано:

"Ювентус" на поле
"Ювентус". Фото: Jonathan Moscrop/Getty Images

Түнде Италия чемпионатының он бірінші турының кейбір матчтары өтті. "Ювентус" өз алаңында "Эмполиді" қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Альянц Стэдиум" алаңында өткен матчтың сегізінші минутында есеп ашылды. Гол авторы Мойзе Кин.

Екінші таймның басында "Ювентус" есепті еселеді. Туриндік ұжымның жартылай қорғаушысы Уэстон Маккенни әріптесі Хуан Куадрадо берген пасты мүлт жіберген жоқ.

Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Рабьо дубль жасап, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, Массимилиано Аллегри жаттықтыратын "Ювентус" пен "Эмполи" арасындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта туриндік ұжым турнирлік кестенің жетінші сатысында орналасқан. Көш басында "Наполи" тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993883-italiya-cempionaty-yuventus-empolidi-iri-eseppen-utty/