Франция чемпионаты: "ПСЖ" кезекті жеңісіне қол жеткізді
Опубликовано:

Түнде Футболдан Франция біріншілігінің он екінші турының кейбір матчтары өтті. Париждік "ПСЖ" сырт алаңда "Аяччо" клубымен ойнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Стад Франсуа Коти" стадионында өткен матчтың жиырма төртінші минутында есеп ашылды. Гол авторы Киллиан Мбаппе. Франциялық сұрмергенге Лионель Месси нәтижелі пас берді.
Матчтағы екінші гол 78-минутта соғылды. Бұл жолы Мбаппенің пасынан кейін Месси есепті еселеді.
Араға төрт минут салып Мбаппе кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, "Аяччо" мен "ПСЖ" арасындағы ойын 03 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Франция біріншілігінің турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993886-franciya-cempionaty-psz-kezekti-zenisine-qol-zetkizdi/