Қазақстандық спортшы қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңілді
Опубликовано:

Түркияның Измир қаласында өткен Octagon 36 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сәмбет Найманбаев жергілікті Кадир Далкиранмен кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, Кадир Далкиран ММА-дағы кәсіби мансабында төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Сәмбет Найманбаев алтыншы рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр (қатарынан екінші рет жеңілген).
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Найманбаев отандасы Шермұрат Қалиловқа есе жіберген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993906-qazaqstandyq-sportsy-qatarynan-ekinsi-zekpe-zeginde-zenildi/