Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды

Опубликовано:

Назым Қызайбай11
Назым Қызайбай шаршы алаңда. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 48 келі – Алуа Балқыбекова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2021 ж), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2022 ж). Алматы қаласының өкілі. Жеке бапкері – Долкунжан Камеков.
  • 50 келі – Назым Қызайбай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2021 ж), екі дүркін Әлем чемпионы. Алматы қаласының өкілі. Жеке бапкері – Долкунжан Камеков.
  • 52 кеоі – Жазира Орақбаева, спорт шебері, жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Алматы қаласының өкілі. Жеке бапкері – Долкунжан Камеков.
  • 54 келі – Жайна Шекербекова, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының финалисі, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022 ж). Шымкент қаласының өкілі. Жеке бапкері – Шәміл Сафиуллин.
  • 57 келі – Карина Ибрагимова, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022 ж). Ақмола облысының өкілі. Жеке бапкері – А.Высоцкий.
  • 60 келі – Римма Волосенко, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы (2021 ж). Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Б.Маржықпаев.
  • 63 келі – Аида Әбікеева, спорт шебері, Қазақстан чемпионы (2021 ж). Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Қайрат Манашев.
  • 66 келі – Мадина Нұршаева, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Спартакиадасының жеңімпазы, Азия чемпионы. Шымкент қаласының өкілі. Жеке бапкері – Н.Сафиуллин.
  • 70 келі – Дариға Шәкімова, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Алматы қаласының өкілі. Жеке бапкері – Вадим Присяжнюк.
  • 75 келі – Валентина Хальзова, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы (2016 ж), Азия чемпионы (2021 ж), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022 ж). Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Б.Әбдірахманов.
  • 81 келі – Гүлсая Ержан, спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионатының финалисі, ел біріншілігінің күміс жүлдегері. Қызылорда қаласының өкілі. Жеке бапкері – Б.Құлбаев.
  • 81 келі – Ләззат Күнгейбаева, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы. Астана қаласының өкілі. Жеке бапкері – Б.Маржықпаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1993976-bokstan-aziya-cempionatyna-qatysatyn-qazaqstan-aielder-quramasy-belgili-boldy/

pixel