Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алина Сарқұлова маунтинбайктан Азия біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Алина Сарқұлова жарыс кезінде
Алина Сарқұлова. Фото: prosports.kz

Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия біріншілігінде қазақстандық Алина Сарқұлова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы 16.45 шақырым болатын кросс-кантриді бір сағат, 30 минутта жүріп өтті.

Қытайлық Хунфэн Ли мəреге 1-ші келсе, оның отандасы Кайча Ма күміске қол жеткізді. Айта кетейік, бұл Олимпиада бағдарламасына кіретін жарыс түрі.

Осымен Қазақстан құрамасы қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Денис Сергиенко 23 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлде еншілесе, алғашқы күні командалық эстафетада Ұлттық құрама чемпион атанған.

Ертең аяқталатын Азия чемпионатына 17 елден 200-ден астам велошабандоз қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993984-alina-sarqulova-mauntinbaiktan-aziya-birinsiliginin-qola-zuldesin-zenip-aldy/

pixel