Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылайхан Жұбаназар екінші рет қоланы уыстан шығарып алды

Опубликовано:

Абылайхан Жұбаназар жекпе-жек кезінде
Абылайхан Жұбаназар. Фото: ijf.org

Дзюдодан Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Гранд-слэм турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

81 келіде күрескен ол кіші финалда әзірбайжандық Зелим Цкаевтан "иппон" әдісімен ұтылды.

Спортшы жарысты бесінші орынмен аяқтап отыр.

Айта кетелік, Абылайхан Гранд-слэм турнирінде екі рет қолаға таласып, екеуінде де жеңіліс тапты.

Әзірге, Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Кеше Абиба Әбужақынова мен Есет Қуантов қола медаль иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994029-abylaixan-zubanazar-ekinsi-ret-qolany-uystan-sygaryp-aldy/

pixel