Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны Дәулет Ергеш әлем чемпионатының финалында жеңіліп, күміске иелік етті

Опубликовано:

Дәулет Ергеш белдесу сәтінде
Дәулет Ергеш: sports.kz

Дәулет Ергеш Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық еркін күрес шебері (79 келі) финалда грузин Владимир Гамкрелидзеден жеңіліп қалды. Есеп - 3:5.

Кеше қазақ балуаны 1/8 кезеңде пуэрто-рикалық Тони Фрэнсис Негронды, сосын украин Валентин Бабийді сенімді жеңді. Ал жартылай финалда америкалық Картер Альфонс Староччиден 8:7 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Дәулет Ергеш жуырда Алматыда ашылған жаттығу орталығының спортшысы. Ол Жамбыл облысы, Меркі ауданының тумасы. Дәулет – 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионатының жеңімпазы, 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Адлан Асқаров (65 келі) қола медаль үшін жапон Рема Анракумен күресіп, ұтылып қалды. Тартысты өткен жекпе-жек 7:7 есебімен аяқталды. Алайда әдіс сапасына байланысты жеңіс қарсыласқа берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1994050-qazaq-baluany-daulet-erges-alem-cempionatynyn-finalynda-zenilip-kumiske-ielik-etti/

pixel