Лондондық "Челси" пен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матчта тең есеп тіркелді
Опубликовано:

Түнде Англия біріншілігінің он үшінші турының ойындары өтті. "Челси" өз алаңында "Манчестер Юнайтедпен" тең ойнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Стэмфорд Бридж" стадионында өткен матчта есеп 87-минутта ашылды. Гол авторы Жоржиньо. Италия құрамасының жартылай қорғаушысы он бір метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.
Ал матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда "Манчестер Юнайтедке" жазғы ауысымда мадридтік "Реалдан" ауысып келген Каземиро есепті теңестіріп кетті.
Осылайша, "Челси" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта турнирлік кестеде екі клуб төртінші және бесінші орынды бөлісіп тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994053-londondyq-celsi-pen-mancester-yunaited-arasyndagy-matcta-ten-esep-tirkeldi/