Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (фото)
Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Suleimen Promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Мексика астанасы Мехикода өткен (Мексика) бокс кешінде өнер көрсетті. Отандасымыздың қарсыласы мансабында жеңіліп көрмеген Йеассон Сервантес болды.
Орта салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда кездесу соңына дейін жалғасқан жоқ. Әбілхан Аманқұл екінші раундта қарсыласын құлатып түсірді.
Осылайша, отандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994055-abilxan-amanquldyn-kasipqoi-bokstagy-ekinsi-zekpe-zegi-nokautpen-ayaqtaldy-foto/