Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" кезекті жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

"Реал Мадридтің" стадионы
Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

Түнде футболдан Испания чемпионатының он бірінші турының матчтары өтті. "Реал Мадрид" өз алаңында "Севильяны" ұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчтың бесінші минутында есеп ашылды. Гол авторы Лука Модрич. Хорватиялық Винисиус Жуниордың нәтижелі пасын мүлт жіберген жоқ.

54-минутта "Севилья" жартылай қорғаушысы Эрик Ламела есепті теңестірді.

Ал 79-минутта Лукас Васкес Винисиус Жуниордың пасынан соң "Севилья" қақпашысынан айласын асырды.

Араға екі минут салып Феде Вальверде матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, "Реал Мадрид" пен "Севилья" арасындағы кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Қазіргі уақытта корольдік клуб турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Екінші сатыға "Барселона" жайғасқан. Ал "Севилья" он төртінші орында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994065-real-madrid-kezekti-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel