Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екі медаль түсті (фото)

Опубликовано:

Әлішер Ерғали әлем чемпионатына қатыспайды
Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Испанияның Понтеведр қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, 125 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Әлішер Ерғали қола медаль үшін таласта венгриялық қарсыласы Милан Корксогтан айласын асырған.

Ал 61 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Асыл Айтақын грузиялық Рамаза Турманидзені ұтты.

Осылайша, қос балуанымыз Понтеведр қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екі қола медаль салды.

Өкінішке орай 92 келідегі Ризабек Айтмұқан жұбаныш белдесуінде екі белдесу өткізіп, алдымен Франция атынан сынға түскен Адлан Висхановты 5:0, сосын Канада елінің өкілі Тейвр Сингх Боалды 11:0 есебімен ұтқанмен, қола үшін таласта түрік Фейзулла Ақтүрікке шамасы жетпеді.

Айта кетейік, Испанияның Понтеведр қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатын ел құрамасы 1 күміс, 2 қола жүлдемен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1994145-erkin-kuresten-zastar-arasyndagy-alem-cempionatynda-el-qorzynyna-eki-medal-tusti-foto/

pixel