Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қол күресінен әлем чемпионатында 68 алтын медаль иеленді

Опубликовано:

Қазақстандық спортшы қол күресінен жарысуда
Қазақстандық спортшылар 68 алтын жеңіп алды. Фото: instagram/drs_kz

Түркияның Анталья қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер, жастар мен ардагерлер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 200 спортшы қорғады.

Қазақстандық спортшылар жалпы есебі 68 алтын, 66 күміс және 36 қола медаль жеңіп алған.

Бұл біздің құраманың командалық есепте бірінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Екінші орында Түркия, үшінші орында Болгария құрамасы орналасқан.

Әлем чемпионатына 54 мемлекеттен 1700 спортшы қатысқанын еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994220-qazaqstandyqtar-qol-kuresinen-alem-cempionatynda-68-altyn-medal-zenip-aldy/

pixel