Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы этникалық қазақ UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Сайран Нұрданбек UFC-де
Сайран Нұрданбек: sports.kz

Қытайдағы этникалық қазақ Сайран Нұрданбек өзінің UFC-мен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында UFC-мен келісімге келгенін айтып, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады.

"UFC-мен екінші рет келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Болашақта бәрі жақсы болады", - деп жазды Нұрданбек.

Келесі жекпе-жекте Сайран америкалық Дэррик Миннермен кездеседі. Жекпе-жек 5 қараша күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Өзінің соңғы кездесуінде Сайран Нұрданбек америкалық Ти Джей Браунды жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1994286-qytaidagy-etnikalyq-qazaq-ufc-men-zana-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel