Қазақстанда туған футболшы Германия чемпионатындағы айдың үздік голын соқты
Опубликовано:

Қазақстанда өмірге келген Дмитрий Назаров Германия чемпионатының үшінші дивизионындағы айдың ең үздік голының авторы атанды. Ол "Эрцгебирге Ауэ" клубында өнер көрсетеді, деп жазады Sports.kz Mdr.de басылымына сілтеме жасап.
32-жастағының футболшы "Меппен" қақпасына айып алаңының сыртынан соққы жасап, гол соқты.
Матч 3:0 есебімен "Эрцгебирге Ауэ" клубының пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Дмитрий Назаров Солтүстік Қазақстанда орналасқан Тайынша қаласында дүниеге келген. Алайда ол 2014 жылдан бастап Әзербайжан құрамасында өнер көрсетеді. Футболшының сонымен қатар неміс азаматтығы да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994332-qazaqstanda-tugan-futbolsy-germaniya-cempionatyndagy-aidyn-uzdik-golyn-soqty/