Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі боксшы Садриддин Ахмедов мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Садриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов. Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

Белгілі боксшы Садриддин Ахмедов жанкүйерлеріне үндеу жасап, көпті мазалаған сауалға жауап берді. Былғары қолғап шебері ағымдағы жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео үндеуді Садриддин Ахмедов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Рингке шықпағаныма екі жылға жуықтады. Боксты түсінетін, түсінбейтін адамдар неге рингке шықпайсың деп жиі сұрақ қояды.

Келесі жекпе-жегім Қазақстанда, желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді. Алайда нақты күні әлі белгісіз. Алдағы уақытта датасын қосымша хабарлайтын боламын. Бокс кешінде мен және басқа да қазақстандық былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді. Қазақстанда әлі болмаған үлкен шоу болады.

Мен сіздерді шақырамын. Достар, аренаны толтырайық. Бокс кешінде кездескенше", - деді ол.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың басында Мексикада өткізген еді. Ол кездесуде отандасымыз голландиялық боксшыны төрешілердің шемімімен ұтты.

Осылайша, былғары қолғап шебері бірінші орта салмақтағы NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1994351-belgili-bokssy-sadriddin-axmedov-mansabyna-qatysty-manyzdy-malimdeme-zasady-video/

pixel