Қазақстандық теннисшілер әлемнің 4-ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

Опубликовано:

Александр Недовесов пен Андрей Голубев матч кезінде
Александр Недовесов пен Андрей Голубев. Фото: ktf.kz

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық жұп алғашқы айналымда жарыстың 4-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Гласспул - финляндиялық Харри Хелиоварамен кездесті.

Недовесов пен Голубев 1 сағат 26 минутқа созылған матчта 7:5, 4:6, 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық жұп жартылай финалға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос испаниялық Давид Вега Эрнандеспен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994481-qazaqstandyq-tennissiler-alemnin-4-raketkasyn-utyp-sirek-finalga-syqty/