Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубының Чемпиондар лигасындағы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы
Футзалдан Чемпиондар лигасы. Фото: Никита Басов/"Кайрат" футзал клубы

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін бельгиялық "Андерлехтке" қарсы өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матчтағы есеп бесінші минутта ашылды. Гол авторы "Андерлехт" ойыншысы Франко Елович.

Бірінші кезеңнің аяқталуына үш минуттай уақыт қалғанда алматылық ұжымның ойыншысы Кайо Руис есепті теңестірді.

Матчтың екінші айналымында қос команда алма-кезек шабуылға иек артты. Алдымен бельгиялық клуб ойыншысы Диого гол соқса, артыншы Дәурен Тұрсағұлов кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, "Андерлехт" пен "Қайрат" футзал клубтарының арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, "Қайрат" екінші кездесуін испаниялық "Пальмаға" қарсы өткізеді. Матч бүгін, 27 қазанда астана уақытымен 21:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994512-qairat-futzal-klubynyn-cempiondar-ligasyndagy-matcy-kutpegen-natizemen-ayaqtaldy/

pixel