Қонаевтың 110 жылдығына арналған еркін күрестен халықаралық турнир Таразда өтеді
Опубликовано:

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған еркін күрестен ересектер арасында дәстүрлі халықаралық турнир Тараз қаласында өтеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Жарыс Тараз қаласында 3-5 қарашада Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт сарайында болады.
Еске сала кетейік, 29 қазанда Түркістан қаласында Olympic center спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен Turan Barysy Азия Кубогы өтеді. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері - Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994517-qonaevtyn-110-zyldygyna-arnalgan-erkin-kuresten-xalyqaralyq-turnir-tarazda-otedi/