БАҚ: Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін
Опубликовано:

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп жазады Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады.
"GGG Фалькао Эскивті қабылдайды. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы DAZN Boxing және DAZN Brasil компанияларымен келіссөздер жүргізуде. Жекпе-жек наурыз айында өтеді", - деп жазды тілші өз твиттерінде.

Эскива Фалькао WBA және IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер болып саналады.
Sports.kz порталының хабарлауынша, бұл Головкиннің мансабындағы соңғы жекпе-жек болуы мүмкін.
Головкин-Фалкао жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994521-baq-gennadii-golovkin-kelesi-zekpe-zegin-qazaqstanda-otkizui-mumkin/