Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысы кім (фото)

Опубликовано:

Көрнекі фото
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік футболшысы болып "Порту" шабуылшысы Мехди Тареми танылды, деп хабарлайды Sports.ru.

Ирандық "Порту" сапында "Брюггеге" қарсы матчта екі гол соқты. Аталған матч португалиялық клубтың пайдасына шешілді (0:4).

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің осы аптадағы үздік футболшысы номинациясына "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси ("Маккабиге" қарсы матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанған), "Наполи" сұрмергені Джованни Симеоне ("Рейнджерске" қарсы ойында екі мәрте қақпашыдан айласын асырған), "Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Рафа Силва ("Ювентуске" қарсы ойында дубль авторы атанған) таласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994644-cempiondar-ligasy-aptanyn-uzdik-oiynsysy-kim-foto/