Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Негізгі командаға оралған Роналду "Шериф" қақпасына гол соқты

Опубликовано:

Криштиану роналду
Критиану Роналду. Фото: Visionhaus/Getty Images

Түнде Еуропа лигасының бесінші турының матчтары өтті. "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Шерифті" қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матчтың қырық төртінші минутында есеп ашылды. Гол авторы "Манчестер Юнайтедтің" қорғаушысы Диегу Даллот.

65-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Маркус Рэшворд есепті еселеді.

Ал 81-минутта Криштану Роналду "Шериф" қақпашысынан айласын асырып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, "Манчестер Юнайтед" пен "Шериф" арасындағы матч 3:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Еуропа лигасының бес турынан соң "Манчестер Юнайтед" он екі ұпаймен турнирлік кестеде (Е тобы) екінші орында орналасқан. Бірінші орында "Реал Сосьедад" тұр. Соңғы турда екі клуб өзара кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994720-negizgi-komandaga-oralgan-ronaldu-serif-qaqpasyna-gol-soqty/

pixel