Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шорт-тректен Әлем Кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар кім

Опубликовано:

шорт трек
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ертең, 28 қазанда Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Биылғы маусымдағы бірінші жарыс даңқты хоккейші Морис Ришар атындағы аренада 30 қазанға дейін жалғасады. Мұнда тек Қазақстан ерлер құрамасы сынға түспек.

Әйелдер құрамасы Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайтын 2-кезеңнен бастап жарыс көркін қыздырады.

Ұлттық құрама тізімі: Нұртілек Қажығали, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша;

Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев.

Айта кетейік, Монреальда осыған дейін 1987, 2002, 2014, 2018 бен 2021 жылы шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өткен.

Биылдан бастап барлық 6 кезеңнен соң ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы "Гауһар глобусқа" ие болады.

Әлем Кубогының келесі кезеңдері:

2-кезең – Солт-Лейк-Сити (АҚШ), 4-6 қараша;

3-кезең – Алматы (Қазақстан), 9-11 желтоқсан;

4-кезең – Алматы (Қазақстан), 16-18 желтоқсан;

5-кезең – Дрезден (Германия), 3-5 ақпан;

6-кезең – Дордрехт (Нидерланд), 10-12 ақпан;

Желтоқсанда араға 4 жыл салып Әлем Кубогы кезеңі Алматыға қайта оралады.

Елімізде алғаш мәрте өткен 2018 жылғы бәсекеде (сол маусымдағы 3-кезең) Абзал Әжғалиев 500 метрге жарыста қола жүлдегер атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994788-sort-trekten-alem-kubogynyn-algasqy-kezenine-qatysatyn-qazaqstandyqtar-kim/

pixel