Қазақстанда дзюдошыларды даярлау жүйесі өзгереді

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан жастар және жасөспірімдер құрамалары енді негізгі ұлттық құрамамен бір алаңда жаттығатын болады. Бұл туралы Мəдениет жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы хабарлады.

Дзюдо бойынша федерация мен жаттықтырушылар штабы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа Ұлттық құрама мүшелерін алдағы халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиадға дайындау жоспарын және жаңа әдістеме жобасын таныстырды.

Алдағы уақытта жас дзюдошылар негізгі құрамамен және әлемнің үздік дзюдошыларымен бірлесіп оқу-жаттығу жиындарына да қатысатын болады.

Сонымен қатар оларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға іріктеу критерийлері де қайта қаралады. Бұл болашақ олимпиадашыларды даярлау процесін күшейтуге мүмкіндік бермек.

"Үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, көптеген процестер қайта қаралып, өзгереді. Мұның бәрі нақты алдағы Олимпиада ойындарында оң нәтиже беруі керек. Сондықтан бұл мәселеде біз бәріміз жауаптымыз", - деді Дәурен Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994827-qazaqstanda-dzyudosylardy-dayarlau-zuiesi-ozgeredi/