Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жиренбаев пен Левковец Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Жиренбаев
Жиренбаев мұз айдында. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Алматы қаласында биылғы ISU Challenger-дің 7-кезеңі саналатын Денис Тенді еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир мәресін жетті. Бұл бәсекеде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев қысқа және еркін бағдарламаны қосқанда 192,67 ұпай жинады. Қазақстандық спортшы тек грузин Ника Егадзеге (208,47 балл) есе жіберді. Үздік үштікті әзірбайжандық Владимир Литвинцев (188,77) түйіндеді. Бұл сында Рахат Бралин 4-сатыдан көрінді (181,22 ұпай). Қалған қазақстандықтардың нәтижесі: Олег Мельников – 6-орын (162,30), Елисей Волков – 8-орын (101,96).

Ал әйелдер арасында оңтүстік кореялық Минче Ким ешкімге дес берген жоқ (158,84 ұпай). Отандасымыз Анна Левковец қысқа бағдарламадан кейінгі орнын жалпы есепте де сақтап қалып, күміс медальге қол жеткізді (145,43 ұпай). Қола жүлде тағы бір оңтүстік кореялық Дабин Чхвеге бұйырды. Ол Аннадан небәрі 0,4 ұпай қалып кетті (145,06). Өзге қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың нәтижесі: Анна Фарафонова – 7-орын (122,51), Багдана Рахишова – 9-орын (111,88), Ясмин Текик – 10-орын (105,70).

Жұптық сында көптеген маман болжағандай, жапониялық Кана Мурамото мен Дайсукэ Такахаси топ жарды (188,30).

Күміс жүлде германиялық Дженнифер Янсе ван Ренсбург пен Бенджамин Стеффан дуэтін бұйырса, қоланы мажарстандық Мария Игнатьева мен Даниил Шемко қанжығасына байлады. Алғашқы алтылықта өнер көрсеткен қазақстандық Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев қос бағдарламадан соң, 7-сатыға жайғасты (145,12 ұпай).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994829-zirenbaev-pen-levkovec-denis-tendi-eske-aluga-arnalgan-xalyqaralyq-turnirdin-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel