Таеквондодан Әлем Кубогына қатысқан барлық қазақстандық жүлдегер атанды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

23-27 қазан аралығында Грузия астанасы Тбилисиде 27 елден келген 340-қа жуық таеквондошының басын қосқан Әлем Кубогы өтті. Дүбірді додаға аттанған Ұлттық құрамның 8 спортшысы да тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Атап айтар болсақ:

Алтын – Аманжан Бақытжанов (58 келіге дейін), Әділбек Лекеров (64 келіге дейін), Нұрғиса Іздібай (70 келіге дейін), Данил Смирнов (76 келіден жоғары);

Күміс – Нұрхан Сахиев (76 келіге дейін); Нұржан Мазбұлов (76 келіден жоғары);

Қола – Назерке Мұхамбедиева мен Ардақ Шынтаева;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994834-taekvondodan-alem-kubogyna-qatysqan-barlyq-qazaqstandyq-zuldeger-atandy/