Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордадан шыққан алғашқы "гроссмейстер" туралы не білеміз

Опубликовано:

Әсел Серікбай
Әсел Серікбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, шахматшы Әсел Серікбай Италияның Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Нәтижесінде Қазақстандағы тоғызыншы, Қызылорда облысындағы тұңғыш "гроссмейстер" атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің мақтанышын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар білім ордасының басшысы шахматшыға"Үздік түлек" төсбелгісін табыстап, алдағы додаларда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Әсел Серікбай 4 дүркін Әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында 7 мәрте жеңімпаз болды. Сондай-ақ, ел біріншілігінде 17 рет топ жарған.

Өз кезегінде Әсел қолдау  көрсеткен барша азаматтарға ризашылығын білдірді.

"Оқу орнында спортты дамыту және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше назарға алынған. Әрдайым спортшыларға қолдау көрсетіп, демеп келеді. Сондықтан, әрбір жеңісімнің артында ұстаздарымның тәрбиесі мен табанды еңбегімнің нәтижесі бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі болу үлкен мақтаныш", – деді Әсел Серікбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994857-qyzylordadan-syqqan-algasqy-grossmeister-turaly-ne-bilemiz/

pixel