Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шорт-тректен Қазақстан командасы араға бес жыл салып, эстафетадан күміс медаль жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Әділ Ғалиахметов жарыс кезінде
Әділ Ғалиахметов. Фото: olympic.kz

Шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы федерацияның ресми парақшасы хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шорт-тректен Қазақстан командасы әлем Кубогі кезеңінде ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды! Бұл біздің ел үшін көптен күткен жүлде. Ерлер эстафетасында командамыз соңғы рет осыдан бес жыл бұрын, 2017 жылғы әлем Кубогінде қола медаль еншілеген болатын. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз! Жарайсыздар! Тек қана алға!", - деп жазды федерацияның ресми парақшасы.

Финалда Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша қорғаған.

Эстафета қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея чемпион атанса, Қазақстан күміс, Канада қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994961-sort-trekten-qazaqstan-komandasy-araga-bes-zyl-salyp-estafetadan-kumis-medal-zenip-aldy-video/

pixel