Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратэден әлем чемпионаты: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан нешінші орында

Опубликовано:

Каратэ
Каратэші өнер көрсетіп жатыр. Фото: pexels.com

Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталды. Бес күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-сатыдан көрінді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Соңғы жарыс күні жасөспірімдер сынында Бэлла Самашева (-55 келі) финалда қарсыласына есе жіберді.

Байрақты бәсекеде 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосып, соның 40 мемлекетіне медаль бұйырды.

Жапония құрамасы 11 медальмен (8 алтын, 3 қола) жеке дара көш бастаса, жарыс қожайыны Түркия (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) 2-орын алды. Одан кейін Мысыр мен Алжир жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-сатыдан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995002-karateden-alem-cempionaty-zalpykomandalyq-esepte-qazaqstan-nesinsi-orynda/

pixel