Спорттық демалыс: Parimatch Foundation балаларды хоккейге баулауда

Опубликовано:

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры өмірлік қиын жағдайда қалған балалардың үлкен спортқа деген қызығушылығын оятуға арналған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында "Сарыарқа" ХК мен "Алматы" ХК жергілікті клубы арасында PARIMATCH PRO HOKEI LIGASY чемпионатының кезекті матчы өтті. Қайырымдылық шарасын Parimatch Foundation қолдауымен "Душа" еріктілер қозғалысы ұйымдастырды. Ойынға ата-аналарымен бірге қиын кезеңдерді бастан өткерген отбасылардан шыққан 30 бала қатысты. Қор шақырылғандарды іс-шараға билеттермен және матч кезеңінде жеңіл тағамдармен қамтамасыз етті.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch
"Біз мұндай сапарларды ұйымдастыруымыз бірінші рет болып отырған жоқ және бұл шаралар туралы өте жақсы пікірлер алудамыз. Балалар әрқашан матчтарды тамашалауға қуанышты. Олар үшін бұл жаңа әсерлер, кәсіби спортшыларды өз көзімен көру және өздерінің спорттағы жетістіктерін шыңдауға шабыт алу мүмкіндігі болып табылады. Осылайша, біз әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды үлкен жетістіктерге ұмтылуға, өздеріне сенуге және табысқа жетуге ынталандырғымыз келеді", - деді Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы Виктория Андреева.

Ойын қарқынды, әсерлі болып, жас жанкүйерлердің назарын толығымен қызығушылыққа бөледі. Алматы клубы бірден алға шықты, бірақ ұзақ күрестен кейін қарағандылық "қырандар" ойындағы уақыттың көп бөлігін толық емес командада өткізгеннен кейін "Сарыарқа" 2:1 финалдық есебімен жеңісті тартып алды. Кейбір балалар өз клубына қолдау көрсеткенімен, барлық шақырылығандар ойыннан ләззат алды деп айтуға болады.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch
"Өкінішке орай, жұмыс бабымен біз мұндай іс-шараларға жиі шыға алмаймыз, сондықтан Parimatch Foundation-қа балаларды қуанту мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Осындай ұйымдардың бар екеніне өте қуаныштымыз және болашақтағы іс — шараларға қуана қатысатын едік", - деп шақырылған қонақтың анасы эмоцияларымен бөлісті.

Кейбір жанкүйерлер жарқын эмоцияларға ие болып қана қоймай, аренадан шыққан шайбаны ұстап алу мүмкіндігіне ие болды.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch
"Біз ойынға отбасымызбен келдік. Бір кезде шайба алаңның сыртына ұшып кетті, сол жерде тұрған балаларымыз оны сыйлық ретінде алды. Қуанышқа бөлендік, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Parimatch Foundation-ға шақырғаныңыз үшін көп рахмет, осымен бұл соңғы бастама емес деп үміттенеміз", - дейді олжалы болған балалардың ата-анасы.

Мұндай бастамалар жетекші спортшылармен бірлесе отырып, спорт барлығына қол жетімді екендігін, ал спортшылар жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсете алуы үшін қажет екендігін көрсетіп отыр.

Анықтама:

Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың басты мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға және үйренуге тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту. Қазақстан аумағында қор "Спорт тәлімгері" кешенді бағдарламасын жүзеге асырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995055-sporttyq-demalys-parimatch-foundation-balalardy-xokkeige-baulauda/