"Үлкен Дулыға" турнирінде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімі белгілі болды
Опубликовано:

4-6 қараша аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан Үлкен Дулыға кезеңі өтеді. Байрақты бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі), Данияр Шамшаев (-73 келі), Абылайхан Жұбаназар (-81 келі), Ерқанат Молдағұлов (-100 келі), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 келі);
Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Назерке Тілеуханова (-78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі);
Айта кетейік, ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995122-ulken-dulyga-turnirinde-el-namysyn-qorgaityn-dzyudosylardyn-esimi-belgili-boldy/